ҚБТУ өнеркәсіппен қосарлы тәжірибелік оқыту бағдарламалары саласындағы жұмысын күшейтуде. Осыған байланысты ҚБТУ мектептері мен өндіріс арасында бірлескен оқу бағдарламалары жүргізілуде.

 

2024 жылдың наурызында Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Mitsubishi Corporation, Жапония және Солтүстік Атланта колледжі, Канада қатысуымен «Hydrogen application opportunities», Japanese TVET (technical and vocational education and training) тақырыбында семинар өткізілді,

 

Осы іс-шараны ұйымдастыру және өткізу үшін АТжИМ оқытушысы Раушан Аманжолова JICA грантын жеңіп алды. Іс-шараның жетекші спикерлері:

  • Tsuji Satoshi, Project Formulation Advisor, with Gennadiy Redkin, JICA, Japan
  • Azamat Imanbayev, Dean, with Janay Sagin, School of IT and Engineering, KBTU, Kazakhstan
  • Kentaro Noguchi, Head of Strategy, Mitsubishi Hydrogen programs, Japan
  • Daulet Zhakupov, Head engineer, Department of Alternative Energy, Hydrogen, KazMunayGas Engineering, Kazakhstan
  • Jason Rolls, Vice President, College of the North Atlantic (CNA), Canada
  • Bektursun uulu Esentur, program assistant, JICA partnership program cooperation High School (Hokkaido, Japan) with Agrotechnical College (Kyrgyzstan)
  • Albina Karabekova, Deputy Director, Agrotechnical college, Kyrgyzstan

 

Бұл бастамашылық кездесулерге қатысушылар Жапония, Канада және Қазақстан әріптестерімен, «Колледж – Өнеркәсіп – ҚБТУ» тізбегінде ҚБТУ-ның жаңартылатын энергия көздері бойынша оқыту бағдарламалары, сутегін өндіру мен пайдаланудың әртүрлі түрлері бойынша одан әрі ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.