29 наурызда ҚБТУ-да "Жоғары экономика мектебі" Ұлттық Зерттеу университетінің (ЖЭМ ҰЗУ) делегациясымен кездесу өтті. Кездесу барысында академиялық ұтқырлыққа, бірлескен қысқа мерзімді алмасу бағдарламаларын, жазғы мектептерді ұйымдастыруға, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты дамытуға байланысты көптеген мәселелер талқыланды.

 

Сондай-ақ, кездесуде тағылымдамаларды, семинарларды және ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру мәселелеріне, соның ішінде студенттік Олимпиаданы өткізуді талқылауға және екі университет студенттерінің осы іс-шараға оқытушылар үшін де, студенттер үшін де қатысу мүмкіндігіне назар аударылды.