27 наурызда ҚБТУ-да Канаданың Қазақстандағы елшілігінің екінші хатшысы және сауда комиссары, Юргита Рашкитамен кездесу өтті. Іс-шарада ғылыми зерттеулер, студенттер мен оқытушылар алмасу, Канада мен ҚБТУ университеттері арасындағы бірлескен білім беру жобалары сияқты ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды. Комиссар Юргита Рашкитэ ҚБТУ мен Канада арасында академиялық салада ынтымақтастық орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.