19 наурызда ҚБТУ-да Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі , Николаас Якоб Схермерспен кездесу өтті. Сапар аясында нанотехнология, жасыл энергетика, сутегі және уран өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

 

Қазақстан мен Нидерланды университеттері арасында әріптестік орнату мүмкіндіктеріне, сондай-ақ әртүрлі ғылыми және академиялық іс-шараларға қатысу үшін Нидерландыдан профессорларды шақыруға ерекше назар аударылды.

 

ҚБТУ теңіз білім беру және консультациялық қызметтер саласындағы халықаралық көшбасшы – STC Group Нидерландтық компаниясымен тығыз ынтымақтастықта екенін атап өту маңызды. Бұл ынтымақтастық тәжірибе алмасуды ғана емес, сонымен қатар оқытушылар мен қызметкерлерді қамтамасыз етуді, кадеттерді оқытуды, теңіз құқығы мен конвенциялар бойынша кеңес беруді және заманауи тренажерлер мен инженерлік шеберханаларға қол жеткізуді білдіреді.