Кембридж университетімен одан әрі ынтымақтастықты 1 наурызда ҚБТУ басшылығының өкілдері талқылады. Сондай-ақ колледж басшысы Энди Паркермен және профессор Сиддхарт Шанкер Саксенамен кездесу өтті. Жоғары білім беру мәселелері бойынша барлық талқылаулардан кейін қазақстандық ЖОО делегациясы Кавендиш зертқанасына барды.
Ұлыбританияға іскерлік сапар барысында ҚБТУ өкілдері директор Фергюс Робертсонмен және Британ-Қазақстан орталығының басқа да өкілдерімен кездесті. Британдық жоғары оқу орындарымен ғана емес, сонымен қатар мұнай-газ саласындағы және басқа да салалардағы Британдық компаниялармен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.