Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және серіктесі Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (ЛЭМ) 29 ақпан мен 1 наурызда өткен Британдық Кеңестің "Шекарасыз білім: Интернационалдандырудағы күш" форумында біздің ұзақ мерзімді әріптестігімізді сипаттайтын кейс-стадиді ұсынды. ҚБТУ мен ЛЭМ серіктестіктерін дамытуды жалғастыра отырып, білім беру, зерттеу және халықаралық ынтымақтастық саласындағы озық тәжірибелерді ілгерілетуді әлі де көздейді .

 

Сапар аясында ЛЭМ бағдарламаларының жетекшісі Оливер Трамбл ҚБТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректорымен, оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Студенттермен кездесу барысында Оливер Трамбл ЛЭМ мен ҚБТУ студенттері үшін қолжетімді мүмкіндіктер атап өтті, нақты айтқанда жазғы мектепте оқу және ЛЭМ-де бір академиялық жыл оқу мүмкіндігі.