16 ақпанда ҚБТУ-да Ұлыбританияның ҚР Елшілігінің сауда және инвестициялар жөніндегі директорының орынбасары Стивен Бреннанмен кездесу өтті. Кездесуде ҚБТУ мен британдық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Жаңартылатын энергия көздері, декарбонизация технологиялары, executive education және life-long learning саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ алдағы кездесулер мен конференциялар, соның ішінде жел және күн энергиясы, көміртекті алу, энергияны сақтау, сутекті өндіру және қолдану перспективалары және жаңа асқын өткізгіш материалдар қарастырылды.