Лондон университеті ҚБТУ-дың бизнес және менеджмент саласында, атап айтқанда Бизнес мектебінде қос диплом бағдарламасын ашуға өтінімін мақұлдады.
2005 жылдан бастап ҚБТУ осы салада кеңінен танылған Лондон экономика мектебінің (LSE) басшылығымен Лондон университетімен бірлесіп қос диплом бағдарламаларын ұсынатын Қазақстан Республикасындағы жалғыз ресми танылған оқу орталығы ретінде әрекет етеді.
19 желтоқсанда ҚБТУ өкілдері LSE жетекші профессорларымен алдағы кезеңге арналған бірлескен жоспарларды талқылады.