7 желтоқсанда ҚБТУ өкілдері ТШО штаб-пәтеріне жұмыс сапарымен барды.
Университет делегациясының құрамына: Маратбек Габдуллин – ректор (Басқарма төрағасы); Хайдар Тассибеков – "А.Б. Бектурова атындағы Химия ғылымдары институты" АҚ Бас директоры; Арлан Абильмагжанов – "Д. В. Сокольский атындағы Oтын, катализ және электрохимия институты" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары; Дидар Батырышев-ғылым және инновациялар жөніндегі проректор; Арман Ибраев-қосымша білім беру жөніндегі Басқарушы директор; Абдулахат Исмаилов – энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің деканы; Ахметов Искандер-Data Science зертханасының үйлестірушісі, Ақпараттық технологиялар және Инженерия мектебі.
Сапардың мақсаты ҚБТУ делегаттары мен ТШО қызметкерлерінің арасындағы байланыстарды нығайту, білім алмасу, одан әрі ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылау болды. Сапар барысында делегаттар ТШО департаменттерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істейтін ҚБТУ түлектерімен кездесті. Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚБТУ-дың 400-ден астам түлегі ТШО-да жұмыс істейді.
ҚБТУ мен ТШО көптеген табысты жобаларды бірлесіп жүзеге асырды, оның ішінде – STCW (STCW) Халықаралық теңіз ұйымының барлық критерийлеріне сәйкес келетін Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылатын қазақстандық теңіз академиясы.
Маржан Бисимбаева, RMG техникалық қолдау және резервуарларды басқару жөніндегі үйлестірушісі бағдарлама мен материалдарды әзірледі, сондай-ақ іс-шара өткізді. Ғалым-геолог Асем Биболова мен штаттық инженер-мұнайшы Зере Ермекбаева ҚБТУ делегаттарына ТШО РМГ қызметінің бағыттары мен жұмыс әдістерін ұсынды, сондай-ақ олардың мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ТШО операциялары жайлы ақпараттар берілді.
ТШО басшылығының атынан ТШО бас директорының орынбасары Конилкош Суесинов, РМГ менеджері Джонатан Финстуен және Цифрлық технологиялар жөніндегі менеджер Алия Джаксиева қатысты.
РМГ-мен кездесуден кейін ҚБТУ өкілдері одан әрі ынтымақтастықты талқылау үшін ТШО цифрлық технологиялар бөлімімен кездесті. Цифрлық технологиялар бөліміне ТШО қызметкерлері үшін қолжетімді ҚБТУ бағдарламалары туралы толық ақпараттар берілді.
Тахир Айсин HR бөлімімен таныстырды және студенттерге арналған ТШО бағдарламаларына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Мұндай сессиялар- пайдалы тәжірибе, онда өнеркәсіп өкілдері ғылыми топтармен кездесіп, ынтымақтастық пен жетілдірудің әлеуетті бағыттарын талқылай алады.