22 қарашада ректор Габдуллин Маратбек Тулебергенович ҚБТУ студенттер одағымен кездесуі және жаңа Студенттік үкіметтің ұлықтау рәсімі өтті.

Жиын барысысында Students Union-ның 2023-2024 оқу жылының 1 семестріне арналған есептемелері мен жұмыс жоспарлары, университетіміздегі студенттерді дамытудың алдағы бағыттары, Студенттік үкімет жетекшілік ететін жаһандық жобалар талқыланды. Деканаттар мен мектеп сенаттары жүргізетін «Mentorship» бағдарламасын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ҚБТУ студенттерінің университеттің академиялық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық ортасына бейімделу кезінде кездесетін қиындықтары қарастырылып, талқыланды.

Әрине, ректордың Students Union-мен кездесуі сәтті өтті және университетіміздің ой-өрісі мен дамуына өз жемісін берді. Естеріңізге сала кетейік, кездесуді Студенттік үкімет ұйымдастырды.