Кәсіби бағдарламалар бөлімі 2023 жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне «Budget Management» оқыту бағдарламасының 2 курсы бойынша оқыту жүргізді:
1) «Бюджеттік басқару технологиялары» курсы
2) «Компания бюджетінің тәуекелге бағытталған аналитикасы» курсы

Курстар Case Study Workshop форматында өтті, бұл студенттерге бюджетті басқарудың негізгі процестерінде аналитикалық дағдыларын жетілдіруге және басқару есеп беру деректері негізінде бизнес-процестердің тәуекелдерін анықтауда жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Студенттердің айтуынша, курс олардың кәсіби қызметіне өте пайдалы болды!

Курстарды CIMA, CIA, ACCA Diploma халықаралық кәсіби біліктілігі бар практикалық кеңесші және аудитор PhD докторы А.Д.Каршалова жүргізді.
 
Budget Management бағдарламасы бойынша корпоративтік оқытуды ұйымдастыру үшін ҚБТУ кәсіби бағдарламалар бөліміне хабарласыңыз
Байланыстар:
+7 727 357 42 42 (ішкі 187, 188, 189)
 + 7 777 737 2447 WhatsApp.