2023 жылдың 2 қазанында ҚБТУ-да Қазақстан Ұлттық Банкімен магистратураға бағдарлау күні өтті.

Басқарма төрағасы міндетін атқарушы Исахов А.А магистранттар алдында құттықтау сөз сөйледі. Сөзінде білім беру бағдарламаларының бірегей мазмұнын, мықты оқытушылар құрамын атап өтіп, магистранттарға шығармашылық аналитикалық ойлауды дамытуға кеңес берді.

Әлеуметтік-тәрбие мәселелері жөніндегі проректор Смолякова Е.С. магистранттарды кәсіби дамудың жаңа кезеңінің басталуымен құттықтады және магистранттарды қосыла алатын ҚБТУ-дың әртүрлі әлеуметтік бастамаларымен таныстырды: тәлімгерлік, жетім балаларға көмек көрсету, стартаптар, ҚБТУ ALUMNI жобалары және т.б.

Магистранттарды құттықтау сөзімен Қазақстан Ұлттық Банкінің Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Ш.Т.Токбергенова сөз сөйледі. Әңгімелесу барысында магистранттар оқуға мотивацияның жоғары деңгейін және болашақта ҚРҰБ-да жұмыс істеу, магистранттар ҚРҰБ корпоративтік құндылықтары мен миссиясын түсінетіні және бөлісетіні ерекше атап өтілді.

ҚРҰБ «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ төрағасының кеңесшісі Ержан И.С. «Қазақстандағы төлем инфрақұрылымын және EconTech-ті дамыту» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Магистранттарды бірінші оқу семестрінің басталуымен құттықтаймыз және оларға үлкен шабыт пен үлкен оқу жетістіктерін тілейміз!