Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) форумы аясында ҚБТУ делегациясы Оңтүстік Альберта технологиялық институтында (SAIT) болды. ҚБТУ бұған дейін SAIT-пен мұнай-газ саласы қызметкерлері үшін бірлескен қысқа мерзімді курстар өткізу туралы Меморандумға қол қойған болатын. Кездесу барысында алдағы ынтымақтастық және мұнай-газ саласындағы ықтимал қос дипломды білім алу мәселелері талқыланды.