Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) форумына Канадаға сапары аясында ҚБТУ делегациясы Калгари университетінде болды. Альберта провинциясының басшылығы, Калгари университетінің басшылығы, оқытушылар құрамымен және шетелдік әріптестермен кездесу өтті. Кездесулер барысында білім, ғылым саласындағы ынтымақтастық, студенттермен және қызметкерлермен алмасу мәселелері талқыланды.
ҚБТУ бастамасымен Калгари университетінің энергетика саласындағы политехникалық университеттердің хабына қосылу мәселелері де қарастырылды. Университеттің зертханаларына экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар университеттің жабдықтарымен, технологияларымен және ғылыми бағыттарымен танысты.