Калгариде өткен Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (ДМК) форумы барысында ҚБТУ делегациясы бизнес өкілдерімен, мұнай-газ компанияларымен және университеттермен бірқатар кездесулер өткізді.
Келіссөздер барысында ғылым саласындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды, ҚБТУ делегаттары мұнай-газ саласының энергетикаға көшу және декарбонизация бағытында дамуының қазіргі кезеңіндегі жаңа техникамен және технологиялармен танысты.