17-21 қыркүйек аралығында Канаданың Калгари қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесінің XXIV форумы өтті.

Айта кету керек, бұған дейін ДМК Жастар қанатының VII форумы Қазақстанда алғаш рет ҚБТУ базасында 2022 жылдың күзінде өткен болатын. Жастар форумында соңғы 30 жылда алғаш рет Алматы декларациясы қабылданды. Форумның резолюциясы ҚБТУ-ға мұнай-газ университеттері үшін хаб құруды тапсырды.

24-ші ДМК форумына ҚБТУ делегациясы ректор (Басқарма төрағасы) Габдуллин М.Т, Энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі мектебінің деканы Исмаилов А.А, Энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі мектебінің декан орынбасары Абдукаримов А.К қатысты. Қазақстаннан ДМК Жастар қанатының өкілі Омаровой Д.А.

18 қыркүйекте энергетика саласындағы политехникалық жоғары оқу орындарының желісі бойынша сессия өтті. Сессияда ректор (Басқарма төрағасы) Габдуллин М.Т сөз сөйлеп, мұнай-газ университеттерінің хабы, хабтың мақсаты, миссиясы және стратегиясымен таныстырды.

18 қыркүйекті Хабтың туған күні деп санауға болады. Оны құру идеясын қазақстандық секция басшылығы да, ДМК хатшылығының жетекшілері де қолдады.

KAZENERGY қауымдастығына алғысымызды білдіреміз