Қазақстан-Британ техникалық университетінің басшылығы 31 Тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевқа студенттерге арналған жаңа жатақхана корпустары мен спорт кешенін салу процесін таныстырды. Кездесуде нысан бойынша экскурсия өткізіліп, құрылыс барысы мен кестесі көрсетілді.
Ағымдағы жылы ҚБТУ сыйымдылығы 198 орындық трибуналары бар ойын залынан тұратын 980 төсек-орынға арналған екі жаңа тоғыз қабатты жатақхана ғимараты мен үш қабатты спорт кешенінің құрылысын жүргізуде. Спорт кешені барлық халықаралық стандарттарға сай болады, студенттер бос уақытында үстел теннисі, бокс, күрес, футзал, волейбол, баскетбол, гандбол және т.б. спорт түрлерімен айналыса алады; хореография сабақтарын өткізуге арналған зал, сондай-ақ спорт залы жұмыс істейтін болады.
Жатақхана ескі ғимараттың орнына салынуда. Магистранттар мен студенттер үйінің қызметкерлері студенттердің жайлы тұруын қамтамасыз ету мақсатында барлық қызметтердің одан әрі толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қолда бар инфрақұрылымды қалған аумақта көшіру және бөлу бойынша үлкен жұмыс атқарды.
Ғимараттар заманауи талаптарға сай салынады. Пайдалануға беру 2023 жылдың желтоқсанында күтілуде. ҚБТУ құрылысты өз қаражаты есебінен бастады. Мамыр айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ-мен келісімге қол қойылды. BI-Group құрылыс компаниясы ашық тендер арқылы мердігер болып таңдалды. Барлық құрылыс нормалары қатаң сақталады.
Құрылыс бойынша жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі, "ҚБТУ" АҚ-ның бақылауын арнайы құрылған және штатта орналасқан "құрылысты басқару жөніндегі Офис"жүзеге асырады. Осы бағытта ЖОО Алматы қаласының әкімдігімен және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен тұрақты негізде жұмыс істейді.