Атырау облысы Жылыой ауданын дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан-Британ техникалық университеті Құлсары қаласының көп балалы отбасыларынан шыққан 60 балаға арналған жазғы лагерьде демалысты ұйымдастыру бойынша демеушілік көмек көрсетуде Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) бастамасын қолдады.

Балалардың тізімін Жылыой ауданының білім бөлімі келесі критерийлерге сәйкес анықтады: жақсы үлгерім, олимпиада жеңімпаздары, оқытушылардан оң сипаттама және жақсы тәртіп; бастаманың басты бағыты 12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар, халықтың осал топтарынан (аз қамтылған, көп балалы, жетім немесе толық емес отбасылардан шыққан) шыққан балалар болды.

Балалар үшін Құлсары қаласынан ҚБТУ Алматы тау-кен лагеріне дейін қолайлы жол ұйымдастырылды. Лагерь аумағын қайың және қарағай тоғайлары безендіреді, сондай-ақ балалардың алдында Іле-Алатау ұлттық паркінің 2200 метр биіктіктегі әсем көрінісі ашылады.  Лагерь бағдарламасына бассейнге бару, квадроциклмен жүру кіреді. Арқан саябағында және басқа спорт аймақтарында ойындар мен жарыстар қарастырылған. Кешке балалар планетарийдегі жұлдызды аспанмен танысады, тәлімгерлер қызығушылықтары бойынша шеберханалар өткізеді, жас футболшылар үшін футбол алаңы, Аerostat клубының тәжірибелі ұшқыштары әуе шарымен саяхаттауды таң қалдырады, сондай-ақ балалар үшін ат аренасы және басқа да дамытушылық іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастырылады. Оқушыларға қаныққан бағдарлама үшін жеткілікті күш - қуат алу үшін күніне бес рет тамақтану қамтамасыз етілді.

ҚБТУ командасы ректор Габдуллин Маратбек Тулебергенович, Әлеуметтік және тәрбие мәселелері жөніндегі проректор Смолякова Екатерина Сергеевна және қосымша білім беру жөніндегі Басқарушы директор Ибраев Арман Муратович лагерьге барып, балалармен танысты, лагерьде болғанын еске алу үшін және Қазақстанның үздік техникалық жоғары оқу орнына түсу үшін мотивация ретінде балаларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Атырау облысының көпжылдық әлеуметтік қолдауымен "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО), Қазақстан-Британ техникалық университеті және Атырау облысының Білім беру бөлімі бірігіп, Жылыой ауданының балаларына тауда жазғы демалыс ұйымдастырды. ҚБТУ балаларға арналған бұл саяхат үлкен және көңілді шытырман оқиғаның жадында қалатынына және жаңа сәтті оқу жылына көп күш береді деп үміттенеді. Біз Атырау облысының балаларына арналған ТШО әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында ҚБТУ жазғы лагерінің тамаша тәжірибесі жыл сайынғы игі дәстүрге айналатынын асыға күтеміз!