ҚБТУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Франциядағы 49-шы European Physical Society Conference on Plasma Physics халықаралық конференциясына және Нидерландыдағы иондалған газдар физикасы бойынша ICPIG 35-ші халықаралық конференциясына қатысты. Олар Sorbonne Paris Nord University және University of Toulouse басшылығымен және ғалымдарымен кездесу өткізіп, бірлескен зерттеулер, сондай-ақ нанотехнология және инженерлік мамандықтар бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосу мәселелерін талқылады.