Биыл ҚБТУ мен ОТУ халықаралық кредиттік ұтқырлық бойынша бірлескен жобасына өтінім қайтадан мақұлданды, оның аясында студенттер мен оқытушылар ұтқырлығы жүзеге асырылады. ҚБТУ 2019 жылдан бері Острава техникалық университетімен ынтымақтастықта. Эразмус+ грантының арқасында 2022 жылы екі университеттің делегациялары екі бағытта да сапармен болды және ҚБТУ студенттері 2022 жылдың көктемгі семестрінде Остравада оқыды.
2023 жылдың 30 маусымында «Энергетикалық көшу мен цифрландырудың геологиялық барлау саласын дамыту перспективаларына әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Екі университеттің докторанттары мен қызметкерлерінен бөлек, сала мамандары да баяндама жасады. Атап айтқанда, БҰҰ ЕЭК ресурстарды басқару бойынша сарапшылар тобы төрағасының орынбасары Виктор Бабашев «Орталық Азиядағы БҰҰ РНК және БҰҰ РБЖ: даму жолдары» тақырыбында баяндама жасаса, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ маманы Ансар Сейтжанов уран өндіру өнеркәсібіндегі ахуалға тоқталды. Геологиялық саладан бөлек, мұнай-газ саласы бойынша баяндамалар оқылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және геологиялық саладағы өзгерістер мен геологиялық барлаудағы заманауи трендтер аясында оларға неғұрлым ауқымды сипат беру үшін осындай іс-шаралардың қажеттілігі туралы бірауыздан пікір білдірді.