Перспективті материалдар және технологиялар зертханасын «Cынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес болып, аккредиттеуден сәтті өткендігі туралы құттықтаймыз.
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және 2023 жылғы 04 мамырдағы № 147 аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хаттамалары негізінде, Ұлттық аккредиттеу орталығы РМК-ның «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес ұйымдар туралы бұйрығы шықты:
- «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Перспективті материалдар және технологиялар» сынақ зертханасы, Алматы қ.
«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Перспективті материалдар және технологиялар» сынақ зертханасын аккредиттеу саласы:
- Кен (мыс концентраттары)
- Топырақ
- Ауыз су
- Табиғи су (жер үсті, жер асты)
- Шикі мұнай