27-28 маусым күндері GameLab KBTU Almaty IT Community Club - пен бірлесіп бейне ойындарға инвестиция салатын жетекші венчурлық қорлардың бірі - The Games Fund басқарушы серіктестерінің қатысуымен іс-шаралар өткізді. 27 маусым күні Мария Кочмола мен Илья Еремеев ҚБТУ-да қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесті, ал келесі күні Горельник шатқалында жергілікті IT-қоғамдастықпен бейресми таңғы асқа қатысты.

 

ҚБТУ-дағы ресми кездесуде Қордың басқарушы серіктестері Орталық Азия ойын әзірлеу нарығын бүгінгі таңдағы ең жетекші нарықтардың бірі деп санайтынын атап өтті. Сонымен қатар, олар киноиндустрияны және басқа да медианы ұзақ уақыт бойы басып озған бейне ойын индустриясы инвесторлар үшін өте ашық және түсінікті екенін көрсетті - бейне ойындарды жүктеудің барлық сандары нақты уақыт режимінде қол жетімді және белгілі бір ойынның кірістілігін оңай есептеуге мүмкіндік береді.