"ReVita" жобасы Google Solution Challenge әлемдік хакатонының үздік 10 жаһандық жобаларының тізіміне енгізілді. Оны ҚБТУ студенттері Динмухамед Нуран мен Ансар Серикбаев, сондай-ақ Назарбаев Университетінің студенттері Диас Баймуханов пен Мадияр Молдабаев әзірледі.

 

"ReVita" - бұл пациенттерге ағзаларды трансплантациялаудан қалпына келтіруге, соның ішінде эмоционалды жағынан қолдауға көмектесуге арналған қосымша. Қолданба дәрі - дәрмек кестесін бақылауға, физикалық белсенділікті бақылауға және дәрігермен байланыста болуға мүмкіндік береді.

 

Тамыз айында команда өз жобасын үздік 3 жаһандық жобадағы орын үшін күресте ұсынады. ҚБТУ мен Назарбаев Университетінің студенттері басқа қазақстандық студенттерді шабыттандыруды жалғастыруда. Біз оларды құттықтаймыз және Google Solution Challenge-дегі ең үздік 3 жаһандық жобаға сәтті қатысуын тілейміз!