2023 жылы 7 маусым күні ҚБТУ ғылыми кітапханасында Қазақстанның университеттерінің кітапханаларында ақпараттық технологияларды дамытудың өзекті мәселелеріне арналған «МегаПро мектебі» халықаралық семинары өткізілді.

Семинар «Дата Экспресс» компаниясымен – танымал «МегаПро» ААКЖ кітапхана жүйесінің әзірлеушісімен бірлесіп өткізілді.

Семинардың модераторы ҚБТУ ғылыми кітапханасының директоры Анна Федоровна Абатова болды.

Академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Джумасейтова Асель Кенесовна семинар қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.

Семинар спикерлері: Грибов Владимир Тимофеевич - «Дата Экспресс» ЖШҚ бас директоры, Левова Людмила Васильевна - «Дата Экспресс» ЖШҚ атқарушы директоры, Чемидова Алена Валерьевна - «Дата Экспресс» ЖШҚ енгізу және техникалық қолдау қызметінің маманы, Ахметова Роза Сабировна - ҚБТУ құжаттарды цифрландыру секторының меңгерушісі.

Семинарда «Дата Экспресс» компаниясының жетекші мамандары сөз сөйлеп, кітапханалар қызметін цифрландыру және цифрлық трансформациялау міндеттерін шешу үшін ААКЖ дамуының маңызды тенденцияларын ұсынды, «МегаПро» негізгі функционалдық мүмкіндіктері мен клиентке бағдарланған сервистері туралы айтылды, Қазақстан кітапханаларында осы жүйені пайдаланушылардың сұрақтарына жауап берді.

ҚБТУ  Ғылыми кітапханасына «МегаПро» жүйесі 2020 жылы енгізілді. Ахметова Роза Сабировна ЖОО-да «МегаПро» жүйесін енгізу және пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, кітапхананың тиімді жұмысы үшін ААКЖ таңдау мен пайдаланудың маңызды тұжырымдамалық және практикалық мәселелерін атап өтті.

Семинар жұмысына Алматы, Астана, Қызылорда университеттік және академиялық кітапханаларының 50-ден астам өкілі қатысты. Семинардың онлайн-платформасына республиканың әртүрлі аймақтарынан 40-қа жуық адам қосылды.

Семинар аясында мамандардың көптеген кездесулері, «МегаПро» жүйесін пайдалану тәжірибесімен алмасу, кітапханалық-ақпараттық технологияларды одан әрі дамыту және Қазақстан Республикасы кітапханаларының оқырмандары үшін заманауи сервистерді ұсыну перспективалары белгіленді.

Семинар соңында қатысушыларға ғылыми кітапхана залдарына, Тәуелсіздік залы мен Академик Д. Қонаев атындағы кабинетке тур ұйымдастырылды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.