Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебі (АТжИМ) мен ҚБТУ Химиялық инженерия мектебін (ХИМ) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы конкурсында (бұдан әрі-СҒЗЖ конкурсы) студенттердің жеңісімен құттықтаймыз!

 

Осы СҒЗЖ конкурсын жыл сайын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҚР ҒЖБМ) жоғары оқу орындарының базасында өткізеді. Биылғы жылы "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" және "Автоматтандыру және басқару" мамандықтары бойынша СҒЗЖ байқауы "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ және "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КЕАҚ-да өткізілді. Комиссияның хаттамалық шешімдерінің негізінде ҚБТУ-дың келесі студенттері конкурстың жеңімпазы атанғанын қуана хабарлайды:

 

  • ҚР ҒЖБМ I дәрежелі дипломы - Ғалымжан Ақнұр Зейінқызы, ҚБТУ ХИМ "Мұнай химиясы" мамандығы бойынша 2 курс магистранты. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: "Метилакрилат және винил мономерлері негізінде депрессорлық қоспалар синтездеу". Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., ҚБТУ ХИМ профессоры Кожабеков Серик Самсалыкович.
  • ҚР ҒЖБМ ІІІ дәрежелі дипломы - Хасен Мейірман Сағынбайұлы, Қалмахан Бауыржан Ерсұлтанұлы, ҚБТУ “Автоматтандыру және басқару” мамандығы бойынша 4 курс студенттері. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: "Development of an intelligent automated control system for the oil distillation process at the Karachaganak petroleum operating enterprise". Ғылыми жетекшісі: PhD, ҚБТУ АТжИМ профессоры  Самигулина Зарина Ильдусовна.

 

Сондай-ақ, байқауға Самойлов Андрей және Талғат Саяжан, ҚБТУ Бизнес мектебінің "Менеджмент" мамандығы бойынша 2 курс магистранттары, қатысты.

 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және ғылыми қызметте одан әрі табыс тілейміз!