Рейтинг білім беру сапасы, инклюзивтілік саласындағы жұмыс, тұрақты инфрақұрылым құру, гендерлік теңдікке қол жеткізу, қауіпсіз және өміршең ортаны қамтамасыз ету және тағы басқа критерийлер негізінде қалыптастырылады.
Рейтингтің нәтижелерін Ұлыбританияның Times Higher Education басылымы жариялады. Айта кету керек, бұл рейтинг университеттердің ең ықпалды халықаралық рейтингтерінің бірі болып табылады.
Times Higher Education Impact Rankings рейтингі университеттерді Біріккен Ұлттар ұйымы белгілеген тұрақты даму мақсаттары бойынша бағалайды. Университеттер төрт көрсеткіш бойынша бағаланады: өзекті салалардағы ғылыми зерттеулер, тұрақты дамудың негізгі факторларын басқару, университеттің аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейдегі рөлі және студенттерді тұрақты даму мақсаттарына үйрету.
ҚБТУ THE Impact Rankings рейтингінде өз орнын растап, 100-ден 46,9 баллды иеленді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 46,1 құрады. Биылғы жылы рейтингке 1591 университет қатысты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 181-ге көп. БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) ішінен ҚБТУ 9 ТДМ бойынша деректер берді. Олардың ішінде ең жоғары көрсеткіштерге ТДМ 7 (арзан және таза энергия), ТДМ 1 (кедейлікті жою) және ТДМ 11 (тұрақты қалалар мен елді мекендер) ие болды. Нәтижелер бойынша ҚБТУ өзінің инновациялық, инклюзивті және тұрақты университет ретіндегі ұстанымын растайтынын көрсетеді.