30 мамыр күні ҚБТУ мен «Байсерке-Агро» делегациясының Алатау ИТП АЭА мен «Байсерке-Агро» оқу-өндірістік орталығына сапары өтті.
«Байсерке-Агро» - көпсалалы агрохолдинг. Сапар аясында ҚБТУ мен «Байсерке-Агро»-ның ғылыми әзірлемелер мен IT бағыттар, өндірісті цифрландыру бөлігінде өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері талқыланды. Қазіргі әлемде цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығында қолдану кең таралуда. Цифрлық технологиялар өндіріс процестерін басқаруды автоматтандыру жүйелерінде қолданылады, ауыл шаруашылығында жасанды интеллект жүйелері белсенді қолданылады. ҚБТУ-да цифрлық шешімдер бойынша ғылыми жобаларды іске асыру және бірлескен далалық сынақтар жүргізу үшін қажетті ресурстар бар.