Студенттік жатақханадағы тұрғын орындар 2024 жылдан бастап қолжетімді болады. Бүгін Қазақстан-Британ техникалық университетінің басшылығы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиевке жаңа жатақхананы таныстырды, оның құрылысын Алматы ЖОО арасында алғаш рет 2023 жылдың ақпан айында бастаған болатын. Кездесуде ҚБТУ өкілдері нысан бойынша экскурсия өткізді, жатақхана құрылысының барысы, сыйымдылығы, пайдалануға беру мерзімі туралы айтып берді, Құрылыста қолданылатын материалдар мен бүкіл ғимараттың сызбаларын көрсетті.
Студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету бүгінгі таңда қазақстандық жоғары оқу орындарының 2022 жылдың қыркүйегінде тап болған өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Студенттер үшін тұрғын үй тапшылығының басым бөлігі Алматы қаласына тиесілі – 40% - дан астамы. Тұрғын үй қорын кеңейту және барлық қаладан тыс тұратын мұқтаж студенттерді орындармен қамтамасыз ету мақсатында ҚБТУ Директорлар кеңесі осы жылдың ақпан айында халықаралық талаптарға жауап беретін жаңа жатақхана салу туралы шешім қабылдады. Жаңа жатақханада студенттерге білім алу және жайлы тұру, спортпен шұғылдану және бос уақытты өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
Сыйымдылығы 980 төсек-орын және үш қабатты спорт кешені, жаттығу залы, хореография залы, сондай-ақ футбол, баскетбол және волейбол сияқты спорттық ойындарды өткізуге арналған залы бар заманауи талаптарға сай екі тоғыз қабатты ғимарат салынады.
ҚБТУ құрылысты өз қаражаты есебінен бастады. Мамыр айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қаржы орталығы" АҚ-мен келісімге қол қойылды. BI-Group құрылыс компаниясы ашық тендер арқылы мердігер болып таңдалды. Барлық құрылыс нормалары қатаң сақталады.