2023 жылы 23 мамыр күні Қазақстан-Британ Техникалық Университеті мен Ұлыбритания үкіметі өкілдерінің кездесуі өтті, онда ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды. Кездесу сәтті өтті және екі жаққа да көптеген пайдалы идеялар мен перспективалық мүмкіндіктер әкелді.

 

Кездесуге Ұлыбритания үкіметінің өкілдері қатысты: Кенан Полео мырза, Ұлыбританияның Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға арналған сауда комиссары және Стивен Бреннан мырза, Аймақтық директордың сауда және инвестициялар жөніндегі орынбасары. ҚБТУ-дан Маратбек Габдуллин ҚБТУ ректоры (Басқарма төрағасы), Асель Джумасейтова академиялық мәселелер жөніндегі проректор, Дидар Батрышев  ғылым және инновациялар жөніндегі басқарушы директор, Арман Ибраев қосымша білім беру жөніндегі басқарушы директор, Абдулахат Исмаилов Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің деканы, Ержан Мукашев Бизнес мектебінің деканы, Мадина Бигабатова Халықаралық экономика мектебі деканының орынбасары, Азамат Иманбаев Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің деканы қатысты.

 

Күн тәртібі бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері, атап айтқанда, халықаралық сауда департаментімен ынтымақтастық талқыланды және ҚБТУ-дың энергоөткізу, сутегі энергетикасы және ақпараттық технологиялар саласындағы ағымдағы жобаларының тұсаукесері өтті. Қонақтар Тәуелсіздік залына, Қазақстан Теңіз академиясына, Д. Конаев атындағы кабинетіне, Honeywell, Baker Hughes, нанотехнология және робототехника зертханаларына экскурсия ретінде барды

 

Кездесу ҚБТУ мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Екі тарап та жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.