3 мамыр күні ҚБТУ Химиялық инженерия мектебінің түлегі Мадина Науканова National School of Mines of Saint-Etienne (Франция) PhD ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

 

Түлектің докторлық диссертациясын қорғауға ҚБТУ ХИМ деканы Джамансариева Калыкыз Утемисовна келді. Қорғау кезінде National School of Mines of Saint-Etienne деканы, диссертация жетекшісі, профессор Жан Мишель Эрри ҚБТУ Химиялық инженерия мектебінде студенттердің базалық дайындығының жоғары деңгейін ерекше атап өтті.

 

Мадина Науканова - ҚБТУ ХИМ бакалавриат (2017 ж.) және магистратура (2019 ж.) түлегі. 2017 жылы ол Органикалық заттардың химиялық технологиясы ХИМ бакалавриат бағдарламасын аяқтап, иондық сұйықтықтар саласында тамаша жұмыс жасады. Ол жүргізген зерттеулер ҚР патентімен расталды, ал нәтижелер Киото қаласында (Жапония) өткен IKCOC-13 Органикалық химия жөніндегі XIII халықаралық конференцияда ұсынылды.

 

ҚБТУ ХИМ магистратурасында оқып жүрген кезінде Мадина Науканова «Абай – Верн» халықаралық стипендиясының иегері атанды. ҚБТУ ХИМ мен National School of Mines of Saint-Etienne магистратурасын сәтті жалғастыру Мадинаға National School of Mines of Saint-Etienne докторантурасына түсуге мүмкіндік берді.

 

ҚБТУ Мадина Науканованы жетістіктерімен құттықтайды және жаңа шығармашылық табыстар тілейді!