2023 жылы 17 мамырда республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия құрамына Комиссия төрағасы – ректор (Басқарма төрағасы) Габдуллин М.Т.; сырттан шақырылған комиссия мүшелері Тұрсұн Ә.Х. – Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қоғамдық кеңес комитетінің төрағасы, Шаймарданова Н.Ж. – «Respublica» партиясының мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, Жақсыбай Ж.Ә. – «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ төрайымы, сонымен қатар мектеп декандары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары кірді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған өтінімдерді қарағаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығымен бекітілген Ереженің іріктеу критерийлеріне сәйкес, академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға конкурстан өткендердің негізгі және резервтік тізімдері анықталды (Ректордың 18.05.2023 ж. бұйрығы).

Негізгі тізімі:

  1. Хамит Айгерім Мұратқызы, 2 курс, Ақпараттық жүйелер
  2. Эшанов Амир Фахриддинович, 2 курс, Инженерлік физика және жаңа материалдар технологиясы
  3. Жаркынбек Нурадиль Еркинулы, 2 курс, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  4. Кенжегали Рамазан, 2 курс, Органикалық заттардың химиялық  технологиясы
  5. Саден Зарина Болатбеккызы, 2 курс, Ақпараттық жүйелер
  6. Амангелдин Мерей Ерболатұлы, 2 курс, Ақпараттық жүйелер

Резерв тізімі:

  1. Тоқтағұл Дина Қайратқызы, 2 курс, Менеджмент
  2. Байтукенов Тимур Тулегенович, 2 курс, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  3. Талибжанова Мохинур Ботировна, 2 курс, Қаржы
  4. Казиева Дина, 2 курс, Ақпараттық жүйелер
  5. Манарбеккызы Дильназ, 2 курс, Қаржы
  6. Жаркынова Аружан, 2 курс, Қаржы
  7. Жаксылыкова Камила Амангельдиновна, 3 курс, Менеджмент