ҚБТУ Қолданбалы математика мектебінің студенттері 6В05401 «Математика» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі орындарға ие болды. 03-05 мамыр аралығында Астана қаласында М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы Қазақстанның жоғары оқу орындарының құрама командаларын қабылдады. ҚБТУ атынан республикалық олимпиаданың ЖОО ішіндегі кезеңінің жеңімпаздары қатарынан біздің жеңімпаздарымыздан құралған команда қатысты:

 

  • Құрманбек Бексұлтан Ұланұлы - 1 курс студенті (ҚММ)
  • Даминов Арслан Раджабович - 1 курс студенті (ҚММ)
  • Жарқынбек Ескендір Есқалиұлы - 2 курс студенті (ҚММ)

 

Біздің ҚБТУ командасы Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындары арасында құрметті II орынға ие болды! Дарынды студенттерімізді құттықтаймыз! Сондай-ақ, жеке есепте Арслан Даминов II орынды, Жарқынбек Ескендір III орынды иеленді, ал Құрманбек Бексұлтан Құрмет грамотасымен марапатталды. Олимпиадалық құрамамызға одан әрі жетістіктер мен табыстар тілейміз!