2023-2024 оқу жылының күзгі семестрінде

ҚР БҒМ бюджет қаражаты есебінен

академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға құжаттарды қабылдау басталды

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 мамырға дейін (қоса алғанда)

Гранттар саны: еуропалық серіктес жоғары оқу орындарында 4 орын, малайзиялық серіктес жоғары оқу орындарында 2 орын.

Грант нені қамтиды: оқу еліне ұшу және қайту, визалық алым, сақтандыру, тұрғын үй. Шетелде оқу үшін, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде жіберу қағидалары туралы толық ақпарат сілтеме бойынша https://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_#z7

Кім қатыса алады: GPA 2.5 - тен жоғары және ағылшын тілін білу деңгейі B2-ден төмен емес (Upper-intermediate) мемлекеттік білім грантында оқитын 2-3 бакалавриат курсының студенттері.

Гранттарды бөлу туралы шешімді қоғамдық комиссия қабылдайды.

 

Ұсынылатын жоғары оқу орындары:

ЖОО

Мемлекет

Мектептер

University Sains Malaysia

Малайзия

БМ, АТжИМ, ХИМ

Babes-Bolyai University

Румыния

БМ, АТжИМ, ҚММ

Kozminski University

Польша

БМ

Cracow University of Technology

Польша

АТжИМ, МжЖТМ

Poznan University of Technology

Польша

АТжИМ, МжЖТМ, ХИМ

Vilnius TECH

Литва

БМ, АТжИМ, ҚММ

 

Оқу елі мен ЖОО грант иегерлерін қоғамдық комиссия іріктегеннен кейін түпкілікті айқындалатын болады.

Қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Төлқұжаттың көшірмесі;
  2. Ағымдағы үлгерім туралы ресми транскрипт (Тіркеуші кеңсесінен алынған);
  3. Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):

●       IELTS 5.5 және одан жоғары сертификаты,

●       В2 деңгейінен төмен емес деңгейі бар базалық факультеттен анықтама (анықтама алу үшін үміткер базалық факультетке - 333 кабинетке, В2 және одан жоғары деңгейі көрсетілген транскриптпен жүгінеді. Деңгейі төмен адамдар үшін сұхбат жүргізілмейді);

  1. Шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш (форманы шетелге шығатын адамның сауалнамасы мен өтініші сілтемесі бойынша жүктеп алыңыз);
  2. Шетелге оқуға кететін адамның сауалнамасы (шетелге кететін адамның сауалнамасы мен өтініші сілтемесі бойынша нысанды жүктеп алыңыз);
  3. Студенттің көп балалы отбасыны растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);
  4. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін) (бар болса);
  5. Студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).

"Академиялық ұтқырлық" деген белгісі бар конвертке орналастырылған және 426 кабинетте аты-жөні мен мамандығы көрсетілген 1 папкада (пластиктен жасалған, үстіңгі жағы мөлдір) құжаттарды тапсыруды сұраймыз. Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 16 мамырына дейін жүзеге асырылады.

Сұрақтар бойынша: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., +77051693261, 426 кабинет