28 сәуірде ҚБТУ-да ГБЖ донорлығы мәселелерінде қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясында «Әрқайсымызда қатерлі ісікке қарсы дәрі бар! Өмірді сақта-сүйек кемігінің доноры бол!».
Қазақстан Республикасы сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі мен Республикалық қан орталығының, сондай-ақ «Промстройпроект» жобалау институты» ЖШС өкілдері ГБЖ донорларының ұлттық және шетелдік тіркелімдерінің тәжірибесі туралы айтып берді.
Кездесуге университет қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Дәрістен кейін тілек білдірушілерге ҚР сүйек кемігі донорларының ұлттық тізілімінде тіркелу мүмкіндігі берілді, нәтижесінде ҚБТУ-дың 15 өкілі әлеуетті донорлар қатарын толықтырды.