19 сәуірде ҚБТУ-ға президент профессор Wang Ruifang бастаған Малайзия Сямэнь университетінің делегациясы келді. Малайзияның Сямэнь университеті Қытай мемлекеттік Сямэнь университетінің филиалы болып табылады. Делегация ҚБТУ өкілдерімен кездесіп, студенттер мен қызметкерлердің тағылымдама бойынша алмасу, IT, бизнес және энергетика салаларындағы ғылыми жобаларды жүзеге асыру, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.