1-10 ақпан аралығында Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінің базасында жыл сайынғы Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (ХЖО) өтті. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Индонезия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Үндістан, Түркия, Вьетнам, Непал, Австрия, Польша, Перу, Египет, Германия, сондай-ақ Ұлыбритания сияқты әлемнің 26 елінен 1200-ден астам қатысушы қатысты. ХЖО ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен «Дарын» РҒПО және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

 

Биылғы жылы 31 қазақстандық бітіруші сынып оқушысы (математика бойынша - 7, физика бойынша - 12, информатика бойынша-12) ХЖО қорытындысы бойынша ҚБТУ гранттарының иегері атанды.

 

Photo credits to Astana Daryny website.