ҚБТУ АҚШ-тың Теннесси штатындағы Нэшвилл қаласында 20 сәуірде басталған беделді халықаралық aккредиттеу Accreditation Board for Engineering and Technology (АВЕТ) симпозиумына қатысты. ТМД-дағы АВЕТ аккредиттелген жалғыз бағдарламалар - ҚБТУ АТжИМ-дағы Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Автоматтандыру және басқару. ABET симпозиумы-STEM білім беру саласындағы аккредиттеу, бағалау және жаһандық озық тәжірибелермен алмасу бойынша флагмандық іс-шара. Симпозиумда бағдарламаларды бағалау және аккредиттеу бойынша үздік тәжірибелермен танысуға, сондай-ақ жоғары білімнің алдында тұрған негізгі мәселелерді талқылауға болады. Қатысушылар - әлемнің жетекші университеттері.