17 сәуірде ҚБТУ-да ректор М. Т. Габдуллин студенттік активпен кездесу өткізді. Ректор іс-шараны құттықтау сөзімен ашты. Студенттік жобалар ұсынылды. Іс-шараға Халық қайырымдылық қорының директоры Шункеев Сагинбек Куанышбекович қатысты. Студенттік басқарма президенті Диана Серикбаева 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы жылдық есепті ұсынды. Студенттік мәселелер жөніндегі департамент басшысы Дулат Касымов Student Fee бойынша Қаржылық есепті таныстырды. KBTU SPE Chapter Президенті Данагуль Сагындыкова келесі оқу жылына студенттік өмірді жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынды. Кездесу сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.