11 сәуірде ҚБТУ ректоры М.Т. Габдуллин мен ҚБТУ басшылығының Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Чжан Веймен және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұлттық технологиялық болжау орталығы бас директорының ғылым және білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі орынбасары Батыров Азаматпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар өз қызметі және іске асырылған жобалар туралы толығырақ айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Талқылау қорытындысы бойынша жоғары білім, ғылым және оқытушылардың біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық орнату туралы шешім қабылданды.
Кездесуден кейін қонақтар Қазақстан теңіз академиясының, Huawei зертханасының, киберқауіпсіздік және робототехника, коррозия және жаңа материалдар, баламалы энергетика және Honeywell симуляторларына барды.