Наурызда London School of Economics университетінде Ұлыбританияның ең танымал университеттерімен The London School of Economics and Political Science және The University of London жұмыс істейтін барлық ресми оқу орталықтарының кездесуі өтті. Бұл кездесу алғаш рет пандемия кезеңінен кейін офлайн форматта өткізілді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақтың білімін талқылады. ҚБТУ мен the London School of Economics and Political Science және The University of London 18 жыл бойы ынтымақтасып келеді. Табысты ынтымақтастықтың мысалдарының арасында ҚБТУ түлектері мен білім алушылары болғаны керемет. ҚБТУ түлегі Раимбек Жалгасбай сөз сөйлеп, өзінің табыс тарихын айтып беру құрметіне ие болды. Түлектердің жетістіктері ҚБТУ үшін үлкен мақтаныш және әлемдік деңгейде танылған білім сапасының дәлелі.