2023 жылы 16 наурызда Астана қаласында Astana IT University-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізген «Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңесіне ҚБТУ атынан екі өкіл қатысты:  ҚБТУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Джумасейтова Асель Кенесовна «Университет түлектерінде ESG skills қалыптастыру» тақырыбымен және Халықаралық экономика мектебінің профессоры  Мынбаев Кайрат Турысбекович «Білім беру процесінде онлайн мүмкіндіктерді пайдаланудың инновациялық тәсілдері» тақырыбымен сөз сөйледі.

Семинар-кеңеске 100-ден астам Академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар мен ЖОО-ның Академиялық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ЖОО-ның 300-ге жуық өкілдері онлайн қосылды.

Іс-шара спикерлері білім беру стандарттарындағы өзгерістердің сипатына, негізгі трендтерге және олардың жоғары білімге әсеріне және жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес түлектердің дағдыларын қалыптастыруға байланысты мәселелерді қозғады.