Құрметті Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің 2023 ж. математика пәні бойынша студенттік олимпиадасының қатысушылары!
Қолданбалы математика мектебінің деканаты сізге ҚБТУ математикадан студенттік олимпиаданың ресми күндерінің, уақыты мен орны туралы хабарлауға қуанышты.
- I турдың басталуы: 31 наурыз күні сағат 14:30-да ҚБТУ дөңгелек залында өтеді (Independence Hall).
Ұзақтығы: 180 минут.
Олимпиаданың бірінші турына математиканың математикалық талдау, сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, дискретті математика және математикалық логика сияқты бөлімдеріндегі есептер кіреді.
- II турдың басталуы: 07 сәуірде сағат 14:30-да ҚБТУ дөңгелек залында өтеді (Independence Hall).
Ұзақтығы: 180 минут.
Олимпиаданың екінші турына математиканың ықтималдық теориясы және математикалық статистика, алгоритмдер және мәліметтер құрылымы сияқты бөлімдеріндегі есептер кіреді.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сәттілік пен спорттық көңіл-күй тілейміз!