2023 жылы 14 наурызда ҚБТУ-да «Экологиялық таза баламалардың көмегімен электр энергиясына жаһандық сұранысты қанағаттандыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚБТУ ректоры Габдуллин М.Т, Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша Бас директоры (GEIDCO) Xupeng Chen, Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Школьник В.С., ҚР ҰҒА жанындағы «Энергетиканы интеграциялаудың Халықаралық ғылыми орталығы» ЖШС әкімшісі Омиралин А.О., ғылыми жетекшісі Лаумулин Ч.Т., ҚР ҰҒА жанындағы «Гумарбек Даукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ ғылыми және инновациялық қызметі бойынша Саухимов А.А. және ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., Алияров Б.К. және басқа да отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысты.

Сарапшылар мен ғалымдар өз сөздерінде GEI бастамасы шеңберіндегі энергия жүйелерінің интеграциясы жасыл технология мен таза энергия көздерінің дамуына, біріктірілген энергия жүйелерінің сенімділігін нығайтуға оң әсер ететінін және өңірлік электр энергиясы саудасының дамуына әкелетінін атап өтті.

Сонымен қатар, сарапшылар талқылау барысында қатысушылардың назарын бүгінгі таңда GEI бастамасын табысты және кеңінен іске асырудың негізгі кедергісі әлемде қалыптасқан геосаяси және өңірлік келіспеушіліктер болып табылатындығына аударды.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша қатысушылар GEIDCO ынтымақтастығы және Қазақстанның GEIDCO бастамаларына қатысу және оларды Орталық Азияда ілгерілету мүмкіндіктерін зерделеу бойынша бірлескен зерттеу жобаларын жүргізу туралы келісті.