ҚБТУ профессоры Айдарова Сауле Байляровна «Инжиниринг және технологиялар» бағыты бойынша 2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» байқауының иегері атанды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тарапынан ғалымдарды қолдаудың кезекті шарасы жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау болды. Ол ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.

 

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 7 бағыт бойынша 468 өтінім келіп түсті. Конкурсқа қатысушылардың арасында «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары», «Әскери ғылымдар және «Ұлттық қауіпсіздік ғалымдары» болды.

 

Сәуле Байляровнаны жеңісімен құттықтаймыз және ғылыми ортада одан әрі өркендеуді тілейміз!