2023 жылғы 2 ақпанда ҚБТУ ректоры М.Т. Габдуллин «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ӨМК (Өңірлік Мемлекеттік Кәсіпорын) делегациясымен келесі құрамда кездесті: Ж.Б. Нурмаханов - Бас директордың орынбасары, Р.Ш. Калабаев - гидрографиялық жобалар басқармасының басшысы және Н.Б. Назиков - коммерциялық қызмет басқармасының жетекші маманы. ҚБТУ тарапынан қосымша білім беру жөніндегі Басқарушы директор А.М. Ибраев, Қазақстан Теңіз Академиясының деканы Р.Г. Бикташев, Ақпараттық технологиялар және Инженерия мектебі деканының орынбасары А.Ж. Иманбаев, Геология мектебінің деканы А.Ж. Ахметжанов қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Каспийді цифрландыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» ӨМК қызметінің мәні топографиялық-геодезиялық, картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ цифрлық аэрофототүсірілім және гидрографиялық жұмыстар болып табылады.
Кәсіпорынның елдің әртүрлі аймақтарында орналасқан 11 филиалы бар.