Құрметті студенттер! Біз "KBTU Alumni Association" және "KBTU Endowment"корпоративтік қорынан стипендиялық байқаудың нәтижелерін хабарлауға қуаныштымыз.
Естеріңізге сала кетейік, стипендияларды өздерінің alma mater талантты студенттерін қолдап, ынталандырғысы келетін жомарт ҚБТУ түлектері қаржыландырады. Стипендияны төлеу ұзақтығы - 1 оқу семестрі (қаңтардан маусымға дейін). Ай сайынғы стипендия сомасы 30 000 теңгені құрайды.
Байқауға 126 студент қатысты. Апликанттардың сапалы құрамын, жоғары академиялық көрсеткіштері бар, студенттік өмірдегі жетістіктері мен ҚБТУ-ға қосқан үлесін атап өткім келеді. Іріктеу қатаң түрде көрсетілген критерийлер бойынша өтті.
Сонымен, жеңімпаздар:
1) Мәулен Бурашевті еске алуға арналған атаулы стипендия (қаржы - экономика факультетінің бірінші түлегі-2006 жыл, қазір Бизнес мектебі) оның сыныптастарынан Раева Айнұрға (БМ, 1 курс)берілді
2) "Best GPA"/ "KBTU Social activity" стипендиялары - жоғары академиялық жетістіктері мен студенттік өмірдің дамуына қосқан үлесі үшін келесі студенттер марапатталды:
1. Дүйсенғалиев Нұрстан (АТжИМ, 1 курс)
2. Халелов Айсұлтан (АТжИМ, 2 курс)
3. Серік Алина (ЭжМиМ, 1 курс)
4. Саможенова Екатерина (ХИМ, 2 курс)
5. Нақыпова Ұлбосын (БМ, 1 курс)
6. Закиров Санжар (ГМ, 2 курс)
7. Бекболат Ернар (АТжИМ, 2 курс)
8. Үсенов Мәди (ЭжМиМ, 1 курс)
9. Бейсенова Айя (БМ, 2 курс)