Құрметті магистранттар мен студенттер үйінде тұратын студенттер!

Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда студент жастарды жатақханалармен қамтамасыз ету өте өзекті мәселе болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" жолдауы аясында алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда 90 000 орындық жатақхана салу жоспарлануда.

 

НЕ БОЛАДЫ:

Тұрғын үй қорын кеңейту және Университетіміздің барлық басқа қаладан келген студенттерін жатақхана орындарымен қамтамасыз ету мақсатында "ҚБТУ" АҚ басшылығы халықаралық талаптарға жауап беретін жаңа жатақхана салу туралы шешім қабылдады, онда студенттерге білім алу және жайлы тұру, спортпен шұғылдану және бос уақыт өткізу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады:

  1. Сыйымдылығы 980 төсек-орын болатын екі тоғыз қабатты ғимарат салынады, онда асхана, іс - шаралар өткізуге арналған акт залы көзделген; әр бөлмеде - өзінің жуынатын бөлмесі, душ бөлмесі; әр қабатта демалыс / сабақ бөлмесі және ас үй. Ыңғайлы қозғалу үшін корпуста жоғары жылдамдықты лифттер орнатылады;
  2. Спорт залы, хореография сабақтарына арналған залы, сондай-ақ спорттық ойындарды (волейбол, баскетбол, футбол) өткізуге арналған залы бар үш қабатты спорт кешені. Кешенде киім ауыстыратын бөлмелер, душ, жуынатын бөлмелер қарастырылған.

Құрылыс кезеңі: құрылыстың басталуы 2023 жылдың ақпанына жоспарланған, құрылыстың аяқталуы 2023 жылдың желтоқсанында күтіледі.

 

№1 КОРПУС СТУДЕНТТЕРІНЕ:

  1. 05 ақпанға дейінгі мерзімде №1 корпус тұрғындарын ҚБТУ-ға жақын орналасқан жалға алынған жатақханаға уақытша көшіру ұйымдастырылады.
  2. студенттердің жеке заттарын ыңғайлы тасымалдау үшін көлік ұйымдастырылады (университет есебінен).
  3. қоныс аудару кезеңінде студенттер үшін төлем шарттары өзгермейді.

 

№ 2, 3, 4 корпустардың студенттеріне: магистранттар және студентер үйінің аумағында құрылысқа байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

 

Байланыс үшін: қоныс аудару мәселелері бойынша магистранттар және студентер үйі - Есімбекова Айжан Берікқызына хабарласуларыңызды сұраймыз, +707 144 99 96, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Түсіністіктеріңізге рахмет!