Ынтымақтастық сараптамалық, білім беру және ғылыми салалардың өзара іс-қимылын кеңейтуге бағытталған. Меморандумға Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті (бұдан әрі – ДМК) Педро Мирас пен ҚБТУ ректоры Маратбек Габдуллин қол қойды.
ДМК әлемдік энергетика секторының ірі халықаралық саяси емес және коммерциялық емес бірлестігі рөлін атқарады. Ұйым жаһандық энергетикалық күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін әлемдік энергетика көшбасшыларын, сарапшылар мен жас мамандарды біріктіруге арналған.
2022 жылы Алматыда Дүниежүзілік мұнай кеңесі өткізілгеннен кейін ҚБТУ сараптамалық және талдамалық құзыреттілік тәжірибесі бар, мұнай-газ саласы үшін кәсіби Ұлттық кадрларды даярлау бойынша көшбасшы ретінде танылды.
Жасалған ынтымақтастық шеңберінде Дүниежүзілік мұнай кеңесі өз тарапынан ҚБТУ мен жетекші әлемдік техникалық әріптес университеттер арасында бірлескен жұмысты, оның ішінде студенттік алмасуды алға қоюға, біліктілікті арттыру бойынша бірлескен білім беру конкурстарын құруға жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ, бұл ынтымақтастық жас мамандарға ДМК қамқорлығымен халықаралық іс-шараларға қатысуға, ҚБТУ студенттерін инновациялық жобалар мен Кеңестің бағдарламаларына тарту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, экономиканы декорбонизациялауға және өндірісті цифрландыруға баса назар аударылады. Меморандум әлемдік энергетика өнеркәсібінің дамуы туралы бірлескен зерттеулер мен есептер жүргізуге мүмкіндік береді.
Маратбек Габдуллин, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры:
«Дүниежүзілік мұнай кеңесі сияқты маңызды халықаралық ұйымның серіктесі болу біз үшін үлкен мәртебе. ҚБТУ тарихта ДМК құрамына кірген алғашқы жоғары оқу орны болды. Болашақта бізге халықаралық деңгейдегі басқа да университеттер қосылады. Бұл ДМК университеттерінің хабы болады. Біз өз тарапымыздан бірлескен ынтымақтастық бойынша қойылған міндеттерді белсенді түрде іске асыратын боламыз».
Меморандумды іске асыру үшін KAZENERGY қауымдастығы атынан Дүниежүзілік мұнай кеңесі, ҚБТУ, Қазақстан ұлттық комитеті өкілдерінен тұратын арнайы топ құрылады.