2022 жылдың 2 қарашасында ҚБТУ ректоры Габдуллин Маратбек Тулепбергенович басшылығымен ҚБТУ делегациясы университеттің мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы бойынша міндеттерді орындау шеңберінде: Академиялық шеберлік, Ғылым және коммерцияландыру, цифрлық Трансформация, Хайльбронн қаласындағы (Германия) Мюнхен техникалық университетінің кампусына барды.
Естеріңізге сала кетсек, Мюнхен техникалық университеті Германияның үздік университеті болып табылады және Times Higher Education әлемдік рейтингіндегі үздік 30 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Мюнхен техникалық университетінің Хайльбронн кампусына сапары кезінде ҚБТУ делегациясы инновациялық хабпен, Кәсіпкерлік орталығымен, энергетика және АТ саласындағы зертханалармен, стартаптармен танысты.
Кездесудегі талқылау барысында Мюнхен техникалық университетінің (Хайльбронн кампусы) өкілдері, ҚБТУ серіктесі - Janser GmbH компаниясы және ҚБТУ болашақ бірлескен қызметтің келесі негізгі бағыттарына қызығушылық танытты:
• Сандық трансформация: сандық стратегия, сандық технологиялар;
• Инновациялар мен зерттеулер: инновацияға инвестициялар, зерттеулерді коммерцияландыру, біліктілікті арттыру, зерттеушілердің ұтқырлығы;
• Индустриялық серіктестермен ынтымақтастық: бірлескен гранттық жобалар, кәсіби тренингтер, EMBA бағдарламалары.
ҚБТУ ректоры Маратбек Тулепбергенович және ТУМ ректоры Даниэль Готшальдт келесі іс шаралар әлеуеттілігін іске асырудың маңыздылығы мен мүдделілігін атап өтті:
1. Зерттеулер және бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі:
- бірлескен ғылыми-зерттеу және гранттық жобаларды, оның ішінде халықаралық және шетелдік қаржы ресурстары мен серіктестерді тарта отырып әзірлеу және іске асыру;
- ғылыми-зерттеу ұтқырлығын ұйымдастыру, ҚБТУ мамандары мен қызметкерлерінің, магистранттарының, докторанттарының біліктілігін арттыру.
2. Тренингтер:
- ҚБТУ және ҚБТУ серіктестері үшін Janser және Германия Федеративтік Республикасындағы ТУМ сертификаттауымен бірлескен Жазғы мектептер;
- Германия Федеративтік Республикасы мен ҚБТУ-да ТУМ және Janser, ПОҚ курстарын тарта отырып, ҚБТУ базасында EMBA: Executive MBA in Business & IT және Executive MBA in Innovation & Business Creation бірлескен бағдарламалары.
3. Гранттық жобалау қызметі:
- ҚБТУ және ТУМ ғалымдарын біріктіретін жаңа зерттеу желісін құру және қолданыстағы кәсіби желіге қатысу;
- нақты міндеттерді шешу үшін гранттық бағдарламалар бойынша жобалық топтарды бірлесіп қалыптастыру.
Барлық тараптар аталған іс-шаралар бойынша өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қоюға келісті.