ҚБТУ кезекті рет АВЕТ (Accreditation board for Engineering and Technology) халықаралық аккредиттеуінен өтті. ABET қолданбалы және жаратылыстану ғылымдары, есептеу техникасы, инженерия және инженерлік технологиялар саласындағы колледждер мен университеттер бағдарламалары бойынша АҚШ-тың танымал аккредитация берушісі болып табылады. ҚБТУ Орталық Азиядағы АВЕТ тарапынан білім беру бағдарламаларының жоғары сапасы туралы танылған жалғыз университет болып табылады. Бұл аккредиттеу Fortune тізіміне кіретін көптеген жаһандық технологиялық компаниялар тарапынан сұранысқа ие.

 

ҚБТУ білім беру бағдарламалары: Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Автоматтандыру және басқару 11 жылдан бері әлемдік стандарттарға сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын дәлелдеп келеді.

 

Ақпараттық технологиялар және Инженерия мектебінің ұжымы мен білім алушыларын алдағы 6 жылға аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз!